Үкіметте отандық машина жасау саласын дамыту мәселесі қаралды

Атап айтқанда, кәсіпорындарды шикізатпен, қолжетімді несиемен қамту жайы сөз болды.

Вагон өндірісін жетілдіру жөніндегі жол картасын әзірлеу шарасы да айтылды. Бұл ретте Премьер-Министр саланы қолдау жөніндегі бастамаларды мақұлдады. Әлихан Смайылов, оффтейк және офсеттік келісімшарттар есебінен ынталандыру қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, мемлекеттік органдарға құжатты егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.