Шымкенттің бюджеті миллиард теңгеге ұлғайды

Шымкент қаласының бюджеті тағы 1 миллиард теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджеттен қаралған сома мұғалімдердің жалақысын көтеруге жұмсалады. Қайнар бұлақ елдімекеніне сапалы электр желісін тарту мен А - 2 автожолының құрылысын аяқтауға да осы қаржыдан алынады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. Күн тәртібінде қатерлі ісікпен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі мен инвотакси қызметін пайдаланушылардың ұсыныстары қаралды.

Ерлан Есқараев, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы:

- Нақтылауда бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне толық талдау жүргізіліп, жоспарға өзгерістер енгізілді. Жалпы бюджет көлемі 1 миллиард теңгеге артуда. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 603 миллиард теңгеден 604 миллиард теңгеге дейін артатын болады.