Жалпыхалықтық декларацияның екінші кезеңі басталды
Елімізде жалпыхалықтық декларацияның екінші кезеңі басталды.
Енді мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары есеп береді. Бұл тізімге дәргерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер де кіреді. Яғни мемлекеттен жалақы алатын барлық қызметкерлер мен олардың жұбайлары жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көліктерін және барлық табысын ашық көрсетуі керек. Декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеден, ал электронды түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет.