Былтыр елде жылдық инфляция 20,3% болды
Оның ішінде азық-түлік инфляциясы 25%-тен асты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қымбатшылыққа Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс қатты әсер етті. Тасымал кезіндегі кедергілердің көбеюінен импорттық тауарлар, атап айтқанда, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек тез қымбаттады. Ал жанар-жағар май мен көлік бағасы тұрақталған. Инфляцияны тежеу үшін алпауыт елдердің орталық банктері ақша кредит саясатын қатаңдатты. Сәйкесінше мемлекеттік облигациялардың табысы артқан. Сондай-ақ желтоқсанда іскерлік белсенділік те қайта жандана бастады. Бір айда 0,3%-ке жақсарыпты.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:
- Азық-түлік бойынша бағаның жоғары сақталуына, инфляцияға қатысты халық 4 күтулерінің жоғары болуына байланысты 2022 жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ке дейін көтерді. 2022 жылы қабылданған ақша-кредит саясаты шаралары инфляцияны төмендетуге және оны орта мерзімді перспективада одан әрі тұрақтандыруға ықпал ететін болады.