Жетісу облысында кәсіпкерлерге заңсыз салық салынған
Жетісу облысында 125 кәсіпкерге заңсыз салық салынған.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес өкілдеріне сыртқы жарнама үшін қаржы төлеуді міндеттеп келген. Талапты орындамаған азаматтардың мүлкіне тыйым салынып, банк шоттары бұғатталған. Бұл заңсыздықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының арнайы тексерісінен кейін анықталды.