Қазақстан Германияға мұнай экспорттайды

Ақпан айының бірінші жартысында Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттайды.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов «әзірге бірінші партия - 20 мың тонна болады» деді. Қара алтынды Ресейдің «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізу жоспарланып отыр. Министрліктің алқа мәжілісінен соң Ақшолақов коммуналдық тарифке қатысты да пікірін айтты.