«Хабар 24» арнасынан кәсіпкерлікті қолдау туралы сұхбат көрсетіледі
«Бизнеске жол».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын жаңа жобаны іске қосты. Бұл арқылы агенттік әкімшілік кедергілерді еңсеріп, құжат рәсімдеудегі қағазбастылықтан арылуға көмектеседі. Мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау мерзімі мен әділдігін қадағалайды. Жерді рәсімдеу, несие, грант пен субсидия алудағы қиындықтарды да шешуге бейіл. Жаңа жобаның мән-жайын агенттік басшысы Олжас Бектенов арнамызға берген сұхбатында түсіндірді. Сұхбатты сағат кешкі сегізден жиырма кеткенде «Экономика» бағдарламасынан көріңіздер.