Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.
Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов: «Ортақ шешімдер ықпалдастықтың одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімді»,-екенін жеткізді. Ауқымды жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Шараға Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысты. Шағын құрамда өткен отырыста одақтың алкоголь нарығын реттеу мәселелері, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасы, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметі талқыланды.