Ақмола облысында техникалық мамандық иелеріне сұраныс жоғары
Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, студенттер ірі өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты.
Жәрмеңкеге 5 оқу орынынан 100-ге жуық студент қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жәрмеңкелер өңірдегі жұмысыздық деңгейін төмендетіп, кадр мәселесін шешуге оң ықпал етеді.
Студенттерге полиэтилен қапшық дайындындайтын серіктестік жұмысы таныстырылды. Айталық, тек осы орталықтың өзіне 100-ден астам техникалық маман қажет. Кәсіпорын қызметкерлері экскурсия жүргізіп қана қоймай, жұмысшыларға қандай жағдай қарастырылғанын атап өтті.
Омар Шоназаров, серіктестік директорының орынбасары:
- Бүгінде біз өз қызметкерлерімізді тегін баспанамен қамтамасыз етеміз. Әлеуметтік қоллдау үнемі көрсетіліп тұрады. Тіпті техникалық білімі болмаса да, біз осындағы орталықта оқытамыз. Жоғары білім алуына жәрдемдесеміз. Біз бүгін осы мүмкіндіктерді жәрмеңкеге қатысушыларға түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырғымыз келеді.
Дастан Ермеков, облыстық жастар ресурстық орталығы басшының міндетін атқарушы:
- Бізде жыл сайын жастар саны өсіп жатыр. Яғни «NEET» категориясын өсірмеу үшін осындай жәрмеңкелер өткізу керек. Бұл жастарға бір пайдасын тигізіп, жұмыс орындарын табуға көмектеседі. Бұл жәрмеңкелер өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендеуіне септігін тигізеді.