Qazaq Oil жұмысына жаңашылдық енгізуді жалғастырып жатыр
Qazaq Oil жұмысындағы жаңашылдық.
Ребрендинг аясында жанар-жағармай құю желісі елдегі барлық станцияларды цифрландырып, бір орталықтан қадағалауға кірісті. Яғни резервуарларда қандай көлемде сұйық отын қалғаны, жолда кетіп бара жатқан автоцистерналардың қай жерде екендігі де онлайн режимде тәулік бойы көрсетіліп тұрады.
Елдегі ең ірі жанар-жағармай құю станциясы Qazaq Oil ребрендинг жасауды жалғастырып жатыр. Компания бизнес процессті толық жаңғыртып, жаңашылдықтарды да енгізуде. Енді биылдан бастап Қазақстан аумағындағы барлық жанар-жағармай құю бекеттері цифрландырылып, онлайн режимде бақылай алатын диспетчерлік орталық іске қосылды.
Төлеміс Шотанов, QAZAQ OIL бас директоры:
- Жаңа жанар-жағармай колонкаларын енгіздік жұмыста, әдейі датчиктары бар. Видеонаблюдение қондырдық бүкіл біздің объектілерде.
- Бүкіл ақпарат осы центральный аппаратқа жинаймыз. Сол ақпарат осында бәрі іске ассырылып, зерттеп, диспетчерлік орталыққа шығардық.
Яғни Qazaq oil желісіне тиесілі 400-ге жуық жанар-жағармай құю бекеттері тәулік бойы осы орталықтан қадағаланады. Резервуарларда қандай көлемде сұйық отын қалғаны, жолда кетіп бара жатқан автоцистерналардың қай жерде екендігі де онлайн режимде көрсетіліп тұрады. Бұның барлығы шұғыл шараларды жылдам қабылдауда зор септігін тигізеді, дейді компания басшылығы.
Төлеміс Шотанов, QAZAQ OIL бас директоры:
- Бүкіл колонкалардан, резервуарлардың данныйлары, әр резервуарда қанша қандай түрлі жанармай бар. Соның қанша остаток бар бәрі моментально келеді осы жаққа. Бензовоз қайда бара жатыр? Біз әрбір бензовозды қарай аламыз. Оның маршрутын, жолын, басқа жаққа кетіп қалса осы жақтан көріп отырамыз.
Компания шалғайда орналасқан станцияларды онлайн бақылау үшін интернет желілерін де тартқызған.
Риат Шони, Ақылбек Есімсейітов