Ұлттық жоба аясында атыраулық кәсіпкерлерге субсидия бөлінеді
Биыл Атырау облысында кәсіпкерлерге 1,9 млрд теңге субсидия бөлінеді.
Бұл «2021-2025 жылдарға арналған бизнесті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында жүзеге асады. Бүгінде өңірдегі кәсібін дөңгелетем деген мыңнан аса іскер азаматқа мемлекет тарапынан субцидия беру жоспарланып отыр. Өтініш бергендердің дені бөлшек сауда мен өңдеу өнеркәсібін қолға алуды көздейді. Қазір облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы да іске асып жатыр.
Сәттіғұл Сабыров, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде несие сомасы 35,6 млрд теңге құрайтын 1176 кәсіпкер жобасы қаржыландырылды. Қазіргі таңда олармен 1636 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.