Алматыда тамақ бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінген
Наурыз айының ортасында Алматыға бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша алғашқы азық-түлік жеткізіле бастайды.
Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Әсіресе аяқасты қымбаттайтын өнімдерді назарда ұстаймыз деді,- Ерболат Досаев. Жалпы шаһарда өнім бағасын тұрақты ұстап тұруға 15 млрд теңге бөлінген. Өйткені бүгінгі басты мәселе осы болып тұр. Қала басшысы азық-түлік пен жеміс-жидек және көкөністің бағасын реттеу үшін біршама жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Ақсу қант зауытымен арада 2,6 млрд теңгеге шарт жасалған. Сол себепті жазда қант жеткілікті болады деген үмітте. Әкім Алматыда Алтын Орда базарынан басақа да көтерме жеткізушілер пайда болғанын айтты.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
- "Магнум" желісі жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, соның арқасында бағалар төмендеді. Қалған сауда желілері басқа жолдарды табады деп үміттенемін. Қазір нанның бағасы көтерілген жоқ өйткені біз оны субсидиялаймыз. Жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік. Тікелей Наурызбай ауданына келетін болсақ, көтерме сауда деңгейі нашар дамыған, дүкендер аз, бәсекелестік жоқ. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігімен де жұмыс істейміз - аудан тұрғындарын сапалы саудамен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерді тартамыз.