Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты артыруға ниетті

Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкімен арда ынтымақтастықты артыруға ниетті.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов осы банктің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитаймен кездесіп, ортақ жобаларды талқылады. Тараптар  жасыл энергетиканы дамыту, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасты. Үкімет басшысы елде декарбонизациялауға ерекше назар аударылатынын айтты. Еске салайық, осы айда Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітіледі. Банк өкілдері бұл бағыттағы жаңа бастамаларды талқылауға дайын екенін айтады.