Доллар қашанғы арзан болады?
Қазақстандық қор биржасы сағат 17:00-де жариялаған жағдай бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 444 теңге 77 тиын.
Кеше шетел валютасы күр төмендеп, ақша айырбастау орныдарында 1 доллар таңертең 450 теңгеден сатылса, кешке таман 446 теңгеге дейін төмендеген еді. Сарапшылардың айтуынша, қазір салық төлемдерін жинайтын мезгіл - бұл бір. Екіншіден Брент маркалы мұнай бағасының өсімі де теңгенің тұрақтануына себеп болды. Бағаның бұлай құбылуы ертеңге деген күдікті ұлғайтқаны анық. Яғни бүгін доллар төмендегенмен ертең көтерілмей ме? Банк секторының тәуелсіз сарапшысы Нұржан Бияқаев дәл қазір мұндай өзгеірс бола қоймайтынын айтады.
Нұржан Бияқаев, Банк мәселелері жөнінен тәуелсіз сарапшы:
- Менің жеке пікірім, соңғы жылдардағы доллар бағамының құбылу тәжірибесін ескерер болсақ, наурыздың басында доллар бағасының көтерілуі әбден мүмкін. Қандай деңгейге жететінін нақты айта алмаймын. Болжаммен доллардың өсімі әрі кетсе 10-20 теңге шамасында болады деп ойлаймын.