Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артты
Қазақстан 2025 жылға қарай Грузия арқылы тасымалданатын мұнай экспортын 15 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Себебі халықаралық қатынастағы өзгерістер жаңа логистикалық бағыттарды дамытуды қажет етеді.
Былтыр Қазақстан мұнайы Транскаспий бағыты арқылы қарқынды тасымалданған. Грузия да осы дәліз бойынша транзиттік әлеуетін арттыруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Транскаспий халықаралық көлік бағыты Еуропаға Қытайдан басталып, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия және Түркияны басып өтеді. Қазір экспорт тасымалын әртараптандыру кезінде бұл логистикалық жолдың маңыздылығы артып отыр.
Валерий Чечелашвили, Грузия стратегиялық сараптама орталығы басқармасының мүшесі:
- Бізде былтыр бұл дәліз арқылы Қазақстаннан Еуропа мен өзге де нарықтарға қарай көмірсутектерін тасымалдау едәуір ұлғайды. Үрдіс одан әрі күшейеді деп ойлаймын. Ескеретін нәрсе, мұнай құятын терминал қазақстандық бизнеске қарайтыны маңызды. Грузия Қазақстан кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасап, олардың еліміз арқылы шикізатты тиімді бағада тасымалдауына ерекше мән береді.
Қазақстан биыл Грузия арқылы 6,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздеп отыр. Ал 2025 жылға таман оның көлемін 2 есеге ұлғайтпақ. Бірақ сарапшылар дәліздің кей бөліктерінде бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергілер туындауы мүмкін дейді.
Васо Урушадзе, сарапшы:
- Бізде порттардың инфрақұрылымы мен теміржол тасымалына қатысты мәселелер бар. Әзербайжан тарапынан кедергілер туындап тұрады. Себебі ол жақта жекеменшік компаниялар тарифтерді көтереді. Бұл біздің дәліз арқылы жүк тасымалдау тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Сарапшылар болса барлық логистикалық мәселелерді ашық талқылайтын уақыт жетті. Грузия, Әзербайжан және Қазақстан үкіметі туындаған мәселелерді бірлесіп шешуі қажет деп санайды.
Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили.