Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті
Қызылорда облысында соңғы 10 жыл көлемінде мұнай өндіру көлемі еселеп кеміп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселен, 2013 жылы 10,5 млн тонна қара алтын өндірілсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4 млн тоннаны құраған. Биыл 3,5 млн тоннадан аспауы мүмкін. Мамандардың болжамы осылай. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке азаюы ықтимал. Мұнай өндірісінің аймақ экономикасындағы үлесі орасан. Сондықтан Қызылорда облысында жаңа мұнай кеніштерін табу үшін геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Оның ішінде Шу-Сарысу, Сырдария және Арал бассейіндерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнан бөлек, мұнай өндіруші компанияларды ынталандыру шаралары да қолға алынған.
Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары:
- Сонымен қоса мына біздің мұнай қорын молайту үшін Торғай-Полизой деген бұрғылау жасап жатыр. Біз 2-2,5 мың метрге дейін мұнай өндіретін болса, қазір 5 мың метрден астам жерде соны бұрғылап көріп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылдың аяғына дейін аяқталу керек