Үздік бизнес-жобаларға конкурс басталды
Ең жақсы жоба 4 мың долларға дейін грант алады.
Жарыста ауыл шаруашылығына қатысты бастамаларға басымдық беріледі. Қаржылай қолдау, жеке компаниялар есебінен жүргізіледі және ол негізінен ауылдағы іскер әйелдерге арналған. Бизнес жобаларды биыл қазанның 11-не дейін ұсынуға болады. Жалпы конкурс 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушылар онлайн-мектепте арнайы курстан өтуі тиіс. Оқу бағдарламасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің сайтына шығарылған. Биыл іскер әйелдер жаңа 6 аграрлық бағыттағы бағдарламаны меңгере алады. Конкурс жеңімпаздарын, қарашада өтетін, ауыл әйелдері форумында жариялайды.
Нұржамал Бақытова, кәсіпкер:
- Мен қымыз өндіремін. Қымызға деген сұраныс өте жорғары. Қымыз өндірісі ол енді бізде ата кәсіп қой, ұлттық сусын. Негізі бізде ондайға бағдарлама қарастырылмаған. Қымызды не сүт өніміне жатқызбайды, не ұлттық сусынға жатқызбайды. Екі ортада сондай қолдауларды ала алмай қалып жатамыз. Дегенмен, Үкіметтің басқа бағдарламалары бар «Іскер әйел», «Кәсіпкер әйел» грант бөлінеді ауыл әйелдерінің кәсібін дөңгелету үшін.