Атырауда кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды
Атыраулық кәсіпкерлерді көгілдір отын мен жылудың жетіспеуі мазалайды.
Мұнымен қоса жер телімін алуда да қиындық көп. Бүгін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Бизнеске жол" жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, күрмеуі қиын мәселелерді талқылады. Жайық өзенінің оң жағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар газ бен жылу ала алмай әбігерге түскен. Департамент өкілдерінің мәліметінше, техникалық шартқа қол жеткізе алмаған кәсіпкерлер жиі шағымданады. Жер бөлуде де сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін деректер анықталған.
Нұрлан Жахин, облыстық СЖҚІА департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Бизнеске жол жобасы төңірегінде бізге 18 шақты арыз-шағым түсті. Оның ішінде қазіргі уақытта 7 арыз бойынша оң шешілді сұрақтары. Оның ішінде салық органдарына байланысты, мемлекеттік сатып алуларға байланысты, жер мәселесіне қатысты сұрақтар бар. Қалған арыздар бүгінгі уақытта қаралу үстінде.