Маңғыстау облысында балық шаруашылығына субсидия бөлінді
Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 20 млн теңгеден астам субсидия бөлінді.
Каспий теңізімен шектесетін өңірде бір мыңға тұрғын балық аулаумен шұғылданады. Кәсіпкерлердің балық азығын сатып алуға жұмсаған шығынын өтеу үшін қазынадан 17 млн 750 мың теңге қарастырылып отыр. Қалған қаражат асыл тұқымды аналық балық сатып алуға және бассейндерді күтіп-ұстауға субсидия түрінде балықшыларға үлестіріледі.
Арман Молдашев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
- 2023 жылға жоспарымыз - осы өңірде 73 тонна балық өсіру. Яғни бұл әртүрлі балық. Тек қана бекіре тұқымдас емес. Құты, жайын, сазан тағы басқа балық түрлері. Каспий теңізінің жағалауында 33 кәсіпшілік балық аулайтын учаске бар. Қазіргі таңда соның 16 учаскесі 18 субьектіге бекітілді. 2030 жылға дейін Қазақстан бойынша 270 мың тонна балық өсіру, соның ішінде Маңғыстау өңірінде 100 мың тонна балық өсіру көзделіп отыр.