Атырауға пияз Тәжікстаннан әкелінуі мүмкін
Атырауға пияз Тәжікстаннан әкелінуі мүмкін.
Қазір келіссөз жүргізіп жатыр дейді жауаптылар. Әлеуметтік маңызы бар 18 түрлі өнім облыс аумағындағы 60-қа жуық сауда орнында сатылады. Ондағы баға нарықтағыдан 20 пайызға дейін арзан. Қант тапшылығын болдырмас үшін «Көксу» зауытымен 2 мың тоннаға жуық тауарды жеткізу үшін алдын ала келісімшарт жасалған. Қазір жауаптылар Тәжікстанда пияздың піскенін күтіп отыр. Сапасының жақсы, бағасының тиімді екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана нақты шешім қабылданады.
Нұрбол Жаңабеков, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
- Шартқа отыра алмадық. Өйткені оның бағасы нақты белгісіз және сапасы қандай болады сол белгісіз болып отыр. Сол белгілі болғанда біз келісімшартқа отырамыз. Жалпы «Идеал Маркет» ЖШС сол өнімді сатамын деген ниетін блідірді. Мүмкін болып жатса Тәжікстаннан пияз өнімі тасымалданып, Идеал супермаркеттерінде сатылатын болады.