Ақтөбеде қайтарымсыз гранттар байқауына қатысушылар саны күрт артты
Ақтөбеде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар байқауына қатысушылар саны күрт артып отыр.
Жеке іс бастау үшін қарастырылған 40 грантқа қазірдің өзінде 495 өтініш түскен. Арасында көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Үміткерлердің басым бөлігі наубайхана, тігін ісі, тағам өндірісі секілді жобаларды ұсыныпты. Алайда тың бағыттар да бар көрінеді. Нақты кімнің жеңімпаз атанып, кімге грант берілетіні алдағы күндері белгілі болмақ. Қазір комиссия келіп түскен өтініштерді қарап жатыр.
Әлия Хамидуллина, қалалық жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы:
- Әзірге лек бар. Бірінші лег 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында 495 өтінім келіп түсті. Оның 40 адамы ғана грантқа ие болады. Екінші лек мамыр айында болады. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қайтарымсыз грант қарастырылған. Оның көрсеткіші 400 айлық есептік көрсеткішті көрсетеді. Ол 1 000 380 теңге.