Қазақ-корей тараптарының медицинадағы ынтымақтастығы артады
Биофармацевтика, цифрландыру және медицина мамандарын оқыту саласындағы ынтымақтастық.
Осындай сұрақтар Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің Сеулде өткен келіссөзінде көтерілді. Вице-министр Бейбіт Есенбаев бастаған еліміздің делегациясы Медикал Корея халықаралық конференциясына қатысты. Отырыстарда медицина қызметкерлерінің дипломдары мен сертификаттарын өзара тану мәселесі қаралды. Бұл тәжірибелі корей дәрігерлеріне еліміздің клиникаларында жұмыс істеуге немесе Қазақстандағы жоғары оқу орындарында сабақ беруге, ал қазақстандық дәрігерлерге Корея ауруханаларында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ елімізде дәрі-дәрмек өндірісін оқшаулау жобалары талқыланды. Ал корейлік компаниялардың бірі жасанды интеллект арқылы қазақстандықтарға скрининг жасау технологиясын ұсынды.
Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Корея тәжірибесін қарастырып, біз де осындай жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Ең бастысы, ауруханалар арасында деректер алмасуды қамтамасыз ету. Яғни науқас рентген нәтижелерінен және тағы да басқа құжаттардан құтылуы керек. Бұл біздің басты міндетіміз.