Жайық-Каспий бассейнінде балық аулау маусымы басталды
Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымы басталды.
Биылғы кәсіп нәсіпті болады деуге толық негіз бар. Өйткені тартым басталған алғашқы екі аптада атыраулықтар 20 тоннаға жуық балық аулады. Жалпы Жайық-Каспий бассейнінде 12 балықшы кооператив бар. Белгіленген шектеу бойынша олар көктемгі-күзгі балық аулау маусымында 30 мың тонналық квотаны игерулері тиіс.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Биыл өзен-көлдердің мұзы ерте еріді де су мол болды. Қазірдің өзінде көріп отырсыздар, Жайық өзені арнасына толып болды. Қазірдің өзінде шаруашылықтар тәулігіне тонналап балық шығарып жатыр.
Бүгін Алтай Бектілеуовтің звеносы үшін сәтті күн болғандай. Олар түске дейінгі екі тартымда 150 келінің үстінде су маржанын теріп үлгірді.
Алтай Бектілеуов, балықшы:
- Балық жаман емес. Биыл су келді ғой ерте. Соған байланысты балық та теңізбен байланысты болғасын келіп жатыр, қазір. Табан бар, арасында қарагөз, сазан ...
Жайық бетінде қозғалыс көбейгелі балық қорғаушылар үшін қарбалас басталды. Инспекция қызметкерлері өзен бойын аралап, сақтық шараларын күшейтуде.
Еламан Хабибуллин, Дамбы учаскелік инспекциясының басшысы:
- Иесіз ау-құралдары болса, оны шығарып балықтарын тірілей суға жібереміз. Егер тірілей суға жіберуге келмейтіндей жағдайда болса, келісімшарт бойынша тиісті мекемелерге өткіземіз. Бүгінгі күні иесіз ау-құралдарынан 200 келі балық тапсырдық осы мұз ерігеннен бері.
Былтыр өзендерде судың аздығынан күзгі балық аулау маусымы сәтсіз болды. Салдарынан балық алауаға бөлінген лимит иегерілмей қалған болатын. Ал биыл балықшылар 15 күнде 20 тонна су маржанын теріп үлгірді.
Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин