Қазақстанда аяқ киімді таңбалау ережесі күшіне енді
Қазақстанда аяқ киімдерді таңбалау және қадағалау ережесі күшіне енді.
Екі мыңнан аса кәсіпкер тауарларына белгі басып үлгерді. Жаңа ережеге көшу екі жыл бұрын міндеттелгенімен биылғы сәуірге дейін шегерілген еді. Себебі кәсіпкерлерге жаңа жүйеге дайындалуға уақыт қажет болды. Енді тұтынушылар арнайы код арқылы өнімнің сапасын бақылап, өзіне қажет ақпаратты таба алады. Бұл ең алдымен, көлеңкелі кәсіппен күресуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бюджетке түсетін қаражат артады. Осыған дейін құзырлы органдар сауда орнындағы әрбір екінші аяқ-киім елге заңсыз кіретінін анықтаған. Бұдан былай елге кіріп-шыққан әр тауар бақылауда болады.
Әсем Жапанбаева, бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының менеджері:
- Сатып алуға әрбір аяқ киімнің сапасын білу керек. Қай жақтан енгізілген, қай жақтан кіргізілгенін білу керек. Оның сапасы бойынша кожа немесе дермантин екенін білу қажет деп есептелінеді. 620 қаулысы бойынша әрбір код екі теңге 68 тиын болып саналады. Бұл ҚҚС қоспаған кезде.