Еліміз Еуроодақпен азаматтық авиациядағы ынтымағын арттырады
Қазақстан мен Еуроодақ елдері азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты арттырып, жаңа рейстер ашуға уағдаласты.
Жуырда елордаға Еуропалық Комиссияның Ұт-қырлық және көлік жөніндегі бас дирекциясының комитет төрағасы Питер Бом-бей келді. Сапар аясында бірқатар іскерлік кездесу өтті. Нәтижесінде еуропалықтар елдегі авиация саласының басқару жүйесін, және қатаң сақталатын қауіпсіздікті жоғары бағалады. Қазір Қазақстанда, әуе қатынасының қауіпсіздік деңгейі 82 пайыз. 2025 жылға дейін оны 90 пайызға жеткізу жоспарда бар. Айта кетейік, бұл ТМД елдерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Талғат Ластаев, азаматтық авиация комитетінің төрағасы:
- Біз 2019 жылда «Ашық аспан» деген режимді енгіздік. Оны да қолдады. Біз қазір жаңа еуропамен рейс ашуға келістік. Және шарттарға қол қоюға келістік. Бұны Еуропа жағынан үлкен жақсы бағалау деп санаймыз.