«Қазақстан халқына» қорына аударылатын қаржы артпақ

«Самұрық-Қазына» жыл сайын табысының 7%-ін «Қазақстан халқына» қорына аударып отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді. Қорға жіберілген қаржы белгіленген мақсатқа бағытталуы тиіс.

Бүгінде қор 6 бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қолғабыс көрсету салаларына көмектеседі.

Айта кетсек, бұл бастаманы Мемлекет басшысы Жолдауында қадап айтқан болатын.