Қазақстан мақтасын Бангладешке сатып жатыр
Биыл Түркістан облысына ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 40 млрд теңге бағытталып отыр.
Қаржы алдымен қайта өңдеуді дамыту мен мал, өсімдік шаруашылығын өркендетуге жұмсалмақ. Бұл туралы Түркістан облысында жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Ербол Қарашөкеев шаруалармен кездесуінде субсидиялау жүйесін жетілдіру, жылыжай шаруашылығын дамыту, мал басын асылдандыру, су мен жерді, тиімді пайдалану, сүт фер-маларын салу және жер пайдаланушылардың құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек шаруалардың сауалына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Одан кейін жеке қабылдау өткізді. Мақта мәселесін тағы көтерді. Аталмыш түйткіл былтыр фермерлер қауымдастығының қатысуымен жан-жақты талқыланған болатын. Министр алдағы уақытта мақта шаруашылығын дамыту жөніндегі жоспарымен бөлісті.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бангладеш деген мемлекет бар. Қазір мақтаның көбін солар алып отыр. Көршілерден де. Сол себепті мен Бангладешпен жұмыс жасайын деп отырмын. Жоғары сапалы өнім керек болатын болса, сол нарықтағы тұтынушылардан тұқымын алып, бізге өндіріп, сол нарыққа бағыттап, өсіру қажет. Жергілікті әкімшілікті акционер етіп кіргізіп, жұмыс істейтін деп отырмыз.