Ұлытау облысы дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңесте түрлі өнеркәсіп салаларын нығайту, тұрғын үй, медициналық мекемелер, автожолдар салу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, жылу, газ, электр жүйелерін жаңғырту, сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы облыс экономикасын әртараптандыруға басымдық беру керектігін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Ұлытау облысы осы көрсеткіш бойынша аутсайдерлер қатарында болғанын және әкімдіктен жаңа жобаларды іске асыру есебінен олқылықтың орнын толтыруды талап етті. Сонымен қатар Премьер-Министр халықтың табысын арттыру бағаның өсуімен тікелей байланысты екеніне тоқталды. Бүгінгі таңда өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің тек үшеуі ғана өндіріледі. Сондай-ақ ол өңірде 72 ауылдың тек 38-і ғана ауыз сумен қамтамасыз етілгенін айтты. Жылумен қамту нысандарын жаңғырту қажет деген үкіме басшысы. Инвестициялық тартымдылықты және өңірдің экономикалық белсенділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.