Алматы облысында тұрақты жұмыссыз немесе еңбекке құлқы жоқ 49 мың жас тіркелген
Биыл Алматы облысында 400-ге жуық жұмыссыз жасқа 2,5% шағын несие беріледі.
Осы мақсатта бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Облыста тұрақты жұмыс істемейтін немесе еңбек етуге мұлдем құлқы жоқ 49 мың жас тіркелген. Оларды жұмыспен қамту, табыс табуға ынталандыру үшін 5 жыл мерзімге 5 млн теңге беріледі. Несие алудың нақты талабы мен ережесі бар. Кепілдікке өз атындағы баспанасы немесе келісіммен туыстарының жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Міндетті түрде кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін бастауы керек. Ауыл шаруашылығында кәсіп бастаймын десе несиелеу мерзімі жеті жылға дейін ұзартылады. Өтініш облыстың барлық аудандарындағы жұмыспен қамту орталықтарында қабылданып қарастырылады.
Айгүл Ахметова, Алматы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- 41 адам құжатын тапсырды. Соның 36 адамның құжатын қазіргі таңда агрокредиттік корпорация таңдап отыр. Бүгінгі таңда айтып отырғанымыз бүкіл Алматы облысының жастары, жұмыссыз жастарына жақсы, қолайлы мүмкіндік тудырылып тұр Үкіметтің жақсы қаулысының арқасында.