«Өзенмұнайгаз» компаниясының бас директоры комиссияға не деп отыр?

Арнайы комиссия анықтаған кемшіліктерді талдап, мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауын қолға аламыз.

Кеше ғана ондаған заң бұзушылық табылған "Өзенмұнайгаз" компаниясының басшысы Нүрдәулет Қилыбай осылай дейді. Оның айтуынша, қара алтынның айналасындағы бармақбасты, көзқысты әрекеттерді анықтауға кәсіпорын өкілдері де белсене атсалысуда. Енді олар комиссия жұмысының аяқталғанын күтеді. Кейін нақты қорытынды шығарып, тиісті шара қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Өзенмұнайгаздан" кезектен тыс жұмысқа орналастыру, еңбек заңнамасын бұзу және көрсетілген қызметке артық ақша төлеу сынды кемшіліктер табылған болатын.

Нұрдәулет Қилыбай, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры:

- Оның кейбіреулерін өзіміз тауып, құқық қорғау органдарына өзіміз де жібергенбіз. Мысалы, кеше айтып отырған ескі техниканы жаңа деп алған. Біз оны қабылдаған жоқпыз. Әрине тексеріс болғаннан кейін ішінен ақаулар табылады. Қай мекемені тексерсеңіз де. Тексеріс аяқталған соң акт толтырамыз, талдау керек болады бізге.