«Самұрық-Қазына» қоры Алматы облысының әкімдігімен энергетикалық жобаларды бірлесіп іске асырады

«Самұрық-Қазына» қоры мен Алматы облысының әкімдігі өңірдегі энергетикалық жобаларды бірлесіп іске асырады.

Мұндай келісім қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кездесуінде бекітілді. Жоба елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын газға ауыстыру,  жаңа су реттеуіш құрылысы мәселелерін қамтиды.

Кездесуде Алматы облысында газбен істейтін жаңа жылу электр орталықтарының құрылысы  басталғаны айтылды.Нұрлан Жақыпов энергетикалық нысандарды салу кезінде жергілікті биліктің көмегі қажет екенін атап өтті. Мысалы, жаңа станцияларға коммуникация жүргізу үшін жер учаскелері керек.

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" қоры АҚ Басқарма төрағасы:

- Жер бойынша әлі де шешілмеген мәселелер бар.  Атап айтқанда, Жылу электр орталығы аумағын кеңейту, газ құбырлары мен теміржол мәселесі. Осы орайда біз жер иелерімен барлық сұрақтар жедел, әділ және заңға сәйкес шешіледі деп сенеміз.

Қор басшысы Қонаев қаласының маңындағы күн электр станциялары паркіне және Іле өзеніндегі Шапық Шөкин атындағы Қапшағай су электр станциясына барды. Қазіргі уақытта станция өз өндірістік қуатының тек жартысын ғана беріп отыр. Сондықтан оның қасына Кербұлақ контр реттеуші станция салу жобасы басталады. 

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" қоры АҚ Басқарма төрағасы:

- Кербұлақ контрреттеуішісн салу заман талабы. Ауа райына байланысты күн мен желдің энергиясын өндіру тұрақсыз болған кезде электр энергиясына сұраныс арттырады. Жасыл энергетика жүйесінде су электр станциясы ғана  энергия өндіруді тұрақты әрі  сенімді  өтей алады.

Сапар барысында қор басшысы Алматы облысы бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі энергетикалық хабтардың біріне айналуы мүмкін екенін, бұл ретте обыс әкімдігімен бірлесіп  жұмыс істеу керектігін атап өтті.   

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев