Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау қымбаттады
Бүгінннен бастап Қазақстан арқылы экспорт және транзитке мұнай тасымалдау тарифтері қымбаттады.
Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа тариф біздің елге екі есе көп табыс әкеледі, дейді мамандар. Мысалы, экспорттау мақсатында "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу тоннасына мың теңге болады, ал бұған дейін 1 тонна үшін 500 теңге еді.