Елде бизнесті қолдау күшейеді
Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнеске берілетін несие 4 трлн теңгеден 6,3 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұны Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты. Сенатта экономиканың нақты секторына несие бөлу жайы пысықталды. Бүгінде банк бизнеске қарызды жоғары мөлшерлемемен ұсынады әрі кепілдік талап етеді. Мұның бәрі – кедергі. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. Тимур Жақсылықовтың айтуынша, несие бойынша нарықтағы орташа мөлшерлеме – 19,5%.
Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:
- Кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ішінара кепілдік беру тетігі іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шараларымен 2,3 трлн теңге несие берілді. Бұл – шағын және бизнес портфелінің 40%-і. 2019 жылдан бері жобалар саны 9 есеге, ал төленген субсидиялар сомасы 5 есеге өсті.