30 мыңға жуық шаруа субсидия алуға өтініш білдірген
Елімізде 30 мыңға жуық шаруа субсидия алуға өтініш білдірген.
Және 60 млрд теңгенің жобасы мақұлданған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Сонымен қатар елімізде пилоттық режимде арзандатылған дизель отынын бөлу функционалы пайда болды. Министрліктің хабарлауынша, жоба Қостанай және Жамбыл облыстарында жүзеге асуда. Ал өтініштер gosagro.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде қабылданады.