Өскемендегі университет бір матрасты 1 млн 200 мың теңгеден сатып алмақ болды

Өскеменде «Семей медициналық университетінің филиалы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы матрастың 1 жиынтығын 1 миллион 200 мың теңгеге сатып алмақ болған.

Бұл аз десеңіз еден сүртетін құралдың бір данасын - 1 миллион 900 мың теңгеге алуды жоспарлапты. Қарапайым тұрмыстық заттардың бағасы жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерін де таң қалдырды. Өйткені олар нарықта  анағұрлым арзан тұрады. Бір дана матрасты 30-130 мың теңгеге, еден жуатын құралды орташа 25 мың теңгеге алуға болады. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арнайы ұсыным жіберіп, қолдан жасалған қымбат​ саудаға жол бермеді. Есесіне 3 миллион теңге үнемделді.​

Гүлнұр Бекбаева, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға офицері:

- Өткен жылы бізде 425 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді, биылғы жылы жылдың басынан бастап 205 миллион бюджет қаржысы үнемделді яғни бұл порталда жұмыс істеудің басты мақсаты сатып алуларды жоспарлау сатысында,бағаны қымбаттатуға жол бермеу.