Тауарлық газ өндірісі артады
Таяу жылдары елімізде тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде айтылды. Газ саласын дамыту мәселесіне арналған жиында өндіріс және инфрақұрылым тұрғысынан тың жобаларды іске асыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, өнеркәсіптік нысан, коммуналдық қызмет атаулыны көгілдір отынмен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Бұдан бөлек газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу мәселесі қаузалды. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға қолға алынған шараларды уақытылы орындауды тапсырды.