«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өндірісті жаңартып жатыр
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы да металлургиялық комбинатта жаппай жаңғырту жұмыстарын бастады.
Бұл келешекте кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өнім сапасын арттыруға, әрі аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік бермек. Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары өнеркәсіптегі ауқымды жұмыстың аяқалысымен танысып, жұмысшылармен кездесті.
№2 жылу энергия орталығындағы 7 қазандықтың іске қосылуын Теміртау жұрты тағатсыздана күтіп жүр. Себебі сол арқылы қалаға берілетін жылу сапасы жақсарады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, жыл соңына дейін аяқталады. Әзірге негізгі қондырғылар орнатылған. Ал конвертер цехына қойылған мына су жаңа қондырғы кеше ғана іске қосылды.
Константин Цимбал, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының техникалық директоры:
- Дәл осы цехта қондырғылар өте ескі болды. Біз оларды заманауи еуропалық қондырғылармен алмастырдық. Енді конвертер цехының жұмысы анағұрлым жақсарады деп ойлаймыз. Қаңылтыр илеу цехындағы жаңа қондырғыларды орнатуға да тек еуропалық компанияларды тарттық. Өте жақсы жұмыс істеді. Енді сөз жоқ, еңбек қауіпсіздігі артады.
Қазір комбинаттың барлық цехында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша компания қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтып, еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлап отыр. Жұмыс барысымен облыстық мәслихаттың депутаттары танысты. Олар өңірдегі ірі өндіріс ошақтарына жылына бірнеше мәрте мониторинг жасайды екен.
Алтынай Есқалиева, облыстық мәслихат депутаты:
- Экологияға байланысты қандай жұмыстар жасалып жатыр. Соларды өзіміз көзіміз жетіп, көрейік деген. Нормативке байланысты болашақта тағы да 1-2 осындай тазарту өндіріс цехтарын қоямыз деп айтып отыр басшылары. Және де біз коксохим цехында болдық. Ол жерде де жаңадан холодильниктер қойылыпты, фильтрлар қойылып жатыр. Енді көзіміз жетіп отыр, бүгінгі күнге жәй сөзбен ғана емес, осындай бір істерімен дәлелдеп жатыр.
Депутаттар бұл күні комбинат жұмысшыларымен де кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар