Елімізде ауылшаруашылық өнімдері аз өңделеді
Елде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көбейгенімен өңделетін тауарлар жоқтың қасы.
Мәселен, былтыр егістіктен 360 мың тонна мақта жиналды. Бірақ соның тек 15 пайызы ғана өңделді. Қалғаны арзан бағамен шетелге сатылды. Сенат депутаты Закир-жан Кузиевтың айтуынша, қайта өңдеу саласына салмақ салып тұрған мәселе көп. Сондықтан құзырлы ведомства өндірушілермен қатар өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге де, қолдау көрсету керек дейді сенаторлар. Сондай-ақ импорттан тәуелді болудың, тың тәсілдерін қарау да маңызды.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бір тонна мақтаның дайын өнімі 285 мың теңге тұрады. Ал одан ауыр мата немесе төсек-орын жасап шықса, баға 3 млн теңгеге жуықтайды. Яғни тауардың қосымша құны 300%-дан асады. Ал біз оны шетелге арзан бағамен сатып жатырмыз. Соның кесірінен республиканың ЖІӨ-дегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 1 пайызға да жетпейді.