Қостанай облысының фермерлері субсидия ала алмай жүр
Қостанай облысының фермерлері уақытында субсидия ала алмай жүр.
Ауыл шаруашылығы басқармасы мұны кадр тапшылығымен байланыстырады. Мамандар өтінімдерді қабылдап үлгермей жатқанға ұқсайды. Салдарынан мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдау кешіктіріліп жатыр. Биыл жергілікті агроқұрылымдардан 12 жарым мың өтініш келіп түскен. Шаруаларға 3 трлн.теңгеге жуық ақша үлестірілуі тиіс. Әсіресе инвестициялық субсидия, сыйақы мөлшерлемесі мен өсімдік шаруашылығы бойынша мәселе көп.
Нұрсұлтан Қабделов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Бізде бұл бағдарламаға жауап беретін 12 маман бар. Өсімдік шаруашылығы бойынша өтінімдер ұзақ қаралады. Қазір олардың саны 5 мыңға жуықтады. Оларды білім басшысы мен бір маман тексереді. Сондықтан қосымша 4 жұмыс орын ашылды.