Премьер-министр: Қазақстан экономикасы даму жолына түсті
Ел экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті.
Аймақтарда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 27%-ке көбейді. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 18%-ке артты. «AMANAT» партиясының мәслихат депутаттары форумында премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің үлесі ұлғайды. 5 айда жалпы ішкі өнім 4 жарым пайызға өсті. Үкімет басшысы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалып келе жатқанына тоқталды. Биыл 4,4 млн азаматтың әлеуметтік төлемдерін арттыруға 4,6 трлн теңге бөлінді. Елде 3 млн-нан астам адамның табысы өсті. Оның ішінде бюджет саласындағы 1,2 млн қызметкердің жалақысы 30%-ке дейін, тағы 1 млн астам жұмысшының еңбекақысы 10-нан 50%-ке дейін көтерілді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Үкімет жұмысының негізі мемлекет басшысының сайлауалды платформасын және аманат партиясының бағдарламасын іске асыру. Осы құжаттарды тиімді іске асыру халықьың өмір сүру сапасын көсретуге мүмкіндік береді. қойылған міндеттерге қол жеткізу мәслихаттардың да белседі қаытсуын атлап ееді. алдымыздаы мақсаттарға қол жетікізу үшін барлық қажетті ресурстар бар.
Әлихан Смайылов форумда елімізегі денсаулық сақтау, білім беру салаларында іске асып жатқан игі бастамаларды атап өтті: ауылдық жерлерде 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынып жатыр. жайлы мектеп жобасы аясында 368 жаңа мектептің құрылысы басталды. Үкімет басшысының айтуынша, халықты баспанамен қамту мәселесін жақсарту үшін 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтереді.