Еуразиялық даму банкі рекордты межені бағындырды
Еуразиялық даму банкінің инвестициялық портфель құны 13,4 млрд АҚШ долларына жетіп, рекордтық межені бағындырды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен банк кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын жаңа жобаларға қол қойылды. Нәтижесінде азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған жобалары саны 273-ке жетті.
«Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд долларға артты. Біз Банктің тұрақты дамуы мен қатысушы елдердегі жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысын жалғастыруымыз керек», - деді Әлихан Смайылов.