Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді.
Барлығы банк болжамына сай қалыптасып отыр. Бүгін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов президент алдында осылай деп есеп берді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған ол, бірінші жартыжылдықта жүзеге асқан ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде де айтып берді. Сондай-ақ елдегі экономикалық ахуал мен төлем балансының динамикасы туралы баяндады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқакв, ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға қатысты тапсырмалар берді.