Алматы облысында жүн өңдеу зауытының іске қосылуына кедергі келіп тұр
Алматы облысындағы Қарғалы ауылында жүн өңдейтін зауытты іске қосуға газ құбырын тарту жұмыстары кедергі келтіріп тұр.
Оған шамамен 140 миллион теңгенің көлемінде қаражат керек. Ал мұндай ақша кәсіпкерлерде жоқ. Сондықтан мемлекеттен көмек сұрайды. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Анас Баққожаевпен кездесуде айтылды. Зауыт толықтай жабдықталған. Кәсіпорын жүн өңдеумен қоса оның майын, яғни ланолин шығаруды жоспарлап отыр. Бұл май фармацевтика және косметика саласында кеңінен қолданылады. Шикізат жеткілікті. Қазір Жамбыл ауданында қой басы 1 миллион 200 мыңнан асқан.
Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қой жүнін дамыту үшін ең бірінші жеңіл өнеркәсібі министрлігін құру керек деп есептеймін өзбасым. Екінші осы мекемелердің барлығына салық жеңілдіктері берілуі керек. Аудан әкімі айтып отыр. Шын мәнінде инвестиция бар екенін көрсетсеңіздер құжатын дайындасаңыздар жол картасына қосамыз. Содан кейін қажетті тиісті көмекті де береміз. Газ жүргізіп береміз. Ал жетпей жатқан жерін қосамыз. Газды қосамыз деп отыр. Соның ретін бәрін айтты. Бірақ бір жаманы осы күнге жеткізбей ақ шешілу керек.