Бестөбедегі инфрақұрылым дамып келеді

«Алтыналмас» компаниясы биыл тек Ақмола облысындағы әлеуметтік жобаларға 550 миллион теңге көлемінде инвестиция салған.

Қаржының басым бөлігі мектеп, балабақша мен емдеу нысандарының құрылысына және ауыл инфрақұрылымын дамытуға жұмсалды. Мәселен, Бестөбе ауылында компания қаражаты есебінен жеңіс саябағы жөнделіп, мектепке қондырғылар сатып алынды, ауылішілік жолдарды жарықтандыру мәселесі шешімін тапты.  

«Алтыналмас» компаниясы Бестөбедегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен белсенді айланысып келеді. Мысалы, ауылға кірер жолдың бойында 68 жарық шамын орнату арқылы түнгі мезгілдегі көлік қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарының сүйікті орны саналатын орталықтағы жеңіс саябағы толықтай қайта жөндеуден өтті. Балалар ойын алаңдарының жабындары ауыстырылды. Сонымен қатар компания қаржысы есебінен тұрғын үйлердің қасбеттері де жаңартылды.    

Ибрагим Хабиден, Бестөбе ауылдық әкімдігінің бас маманы:

- Кентімізге мынау «Жеңіс» саябағын жөндеу жұмыстарына атсалысты. Бұған 1600 шаршы метрге брусатчка төселіп оған қоса отыратын орындықтар қойылды. Алдағы уақытта қоқыс жәшіктерін қою жоспарлануда. + Көппәтерлі үйлерге ақтау жұмыстары жүргізілді. 

«Алтыналмас» ауылдағы №1 мектепті жөндеу жұмыстарына қаржы бөлді. Хоккей корты қалпына келтіріліп, бірінші қабаттағы холл мен спорт залының төсемдері жаңғыртылды. Компания сонымен қатар ауылдағы екі бірдей мектептің робототехника кабинеттерін су жаңа қондырғылармен толықтай жабдықтап берді. 

Мәди Олжакеш, Бестөбе ауылындағы №1 мектептің информатика пәнінің мұғалімі:

- Бұл жерде оқушыларымыз информатика, математика, физика және инженерия бағытындағы өздерінің құзыреттіліктерін дамыта түседі. Бұл жерде оқушыларымыз легомайншторн және ардуиня платформаларында жұмыс жасайды. Сонымен қатар өздеріңіз көріп тұрғандай келесі платформаларда олар республикалық, облыстық, аудандық жарыстарға дайындалады.     

Компания Бестөбе әкімдігімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және жою мәселесін шешу үшін абаттандыру Бағдарламасын жасақтады. Ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында «Алтыналмас» компаниясының қаржысына қоқыс таситын көлік пен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 50 контейнер және әйнек, пластик пен қалайы ыдыстарға арналған тағы 12 арнайы контейнер сатып алынды. Аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға атсалысу – «Алтыналмас» үшін басым бағыттардың бірі бола бермек,- дейді компаниядағылар. 

Талғат Серікқалиұлы