Машина жасау саласына $208 млн инвестиция тартылды. LIVE
Елде ауыл шаруашылығы саласындағы техниканың 76%-і ескірген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Отандық кәсіпорындар диқандардың сұранысын толық жаба алмай отыр. Машина жасау саласының жабдықтары да 40%-ке тозды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, елдегі көліктердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Дәл қазір Үкіметте өндіріс көлемін арттыру мәселесі талқыланып жатыр.