Қазақстандық отбасылардың 60% астамы энергия үнемдейтін шамдарды пайдаланады

Қазақстандық отбасылардың 60 пайыздан астамы энергияны үнемдейтін шамдарды пайдаланады.

Бұндай деректерді ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр. Отандастарымыз шыныменде, электр энергиясын үнемдеуге көшті ма, әлде бұл кәсіпкерлер жүргізіп жатқан, маркетингтің нәтижесі ме? Ол жөнінде тілші материалында.

Қуат қабылдауы өте аз. Бірақ жарық беруі өте үлкен.

Қала тұрғыны Ерсұлтан Кеңесбек 2014 жылдан бері жарықдиодты шамдарды пайдалануға көшкен. Айтуынша, бұл ескілеріне қарағанда энергияны жақсы үнемдейді. Есесіне жарықты да жақсы береді. Бастысы коммуналдық шығындар азайған.

Ерсұлтан Кеңесбек, қала тұрғыны:

- Өте үнемді. Айына комуслуга дейміз ғой, сол бойынша жарық 1 айға осы 2 бөлмелі үйге, минимальный 1800 теңге ма, солай ғана светке кетіп жатыр бізде.

- Қалтаға да ұрмайды қазіргі светодиодный лампочкаларымыз. 400-500 теңге бағасынан басталады. Қай бөлмеге қойсаңызда кәдімгі формадағы бұрынғы советский лампочкалар сияқты сол формадағы лампочкалар да бар.

- В 2 раза экономнее чем люминесцентная и 8-10 раз экономнее чем лампа накаливания.

Аспалы шамдар саудасымен айналысатын Руслан Тілеевтің сөзінше, соңғы жылдары қазақстандықтардың дені энергияны үнемдеуге көшкен. Яғни, күнделікті тұрмыста жарықдиодты шамдарды қолдануға тырысады. Оның басты ерекшелігі – қауіпсіз әрі ұзақ мерзімге шыдас береді.

Руслан Тілеев, кәсіпкер:

- 2000 жылдардың басында бұрынғы қарапайым вольфрам қылы бар қыздыру шамдарының орнына люминесцентті шамдар келді. Олардың құрамында сынап болатын. Яғни химиялық элемент. Ол әрине адам үшін қауіпті еді. Жарамсыз болып қалса қарапайым қоқыс жәшігіне лақтыра салуға болмайды. Арнайы контейнерлерге ғана салу керек. Ал қазір нарыққа қауіпсіз, әрі жарықты жақсы беретін диодты шамдар келді. 

Қазақстандықтардың жарықты үнемдейтін диодты шамдарға біртіндеп көшіп жатқанын жүргізілген талдау нәтижелері де көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сай елдегі үй шаруашылықтарының 65 пайызы энергия үнемдейтін шамдарды пайдаланады. Ал халықтың 28,9% әлі де болса сол бұрынғы вольфрам қылы бар қыздыру шамдарын қолданып жүр. Дені ауылдық жерде. 

графика

Қазақстандықтар пайдаланатын шамдар

энергия үнемдейтін шамдар - 65%

қыздыру шамдары – 28,9%

                                               ауыл тұрғындары – 42,8%

                                               қала тұрғындары – 22,9%

Энергия үнемдейтін шамдар сіздің коммуналдық шығыныңызды азайтқанымен, өзінің құны қымбаттау. Бұндай шамды өндірудің өзі арзанға түспейді. Сондықтан қазір әлем елдері оның оңтайлы тәсілдерін ойлап табумен айналысып жатыр. Олардың қатарында отандық ғалымдар да бар.

- Мынау біздің жаңағы радиациялық жолмен алған люминофорымыз. Ол мынадай тас сияқты болады. Ультракүлген лазермен сәулелендіргенде осындай жарық шығарады.

Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің мамандары люминофорды синтездеудің тың технологиясын әлемде бірінші болып ашқан. Бұл ұнтақ ешбір электр энергиясына қосылмай жарық бере алады. Ол үшін 24 сағаттың ішінде арнайы пеште жоғары температурада синтездеу қажет. Ал қазақстандық ғалымдар ұсынып отырған технология уақытты әлдеқайда үнемдейді.

Жақып Кәріпбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің профессоры:

- Біз соны 1 секундта жасаймыз. Бұл біздің ноу-хау, инновациямыз десек болады. Елдің бәрі қыздыру, қысу арқылы жасаса, біз электрондар шоғырымен қосылысты атқылау арқылы аламыз. Енді соны үлкен масштабқа шығарсақ біз Қазақстанды алдыңғы қатарға шығаруға үлкен мүмкіншіліктеріміз бар.

Қазір ғалымдар ашқан жаңалықтарын патенттеуге кіріскен. Айтуларынша, осы технологиямен жарық шамдардың жаппай өндірісін қолға алса, қуатты айтарлықтай үнемдеуге болады. Тіпті электр энергиясын өндіретін жылу электр орталығының да көмегінен бас тарту мүмкіндігі туады, дейді ғалымдар.

Риат Шони, Мұрат Әріпханов, Арман Ақшабаев