Қазақстанда есту аппараты шығарыла бастады
Ақтауда есту аппараты шығарыла бастады.
Елімізде баламасы жоқ жобаны неміс инвесторы қаржыландырған. Шағын цехта шетелден әкелінген сурдотехнология бөлшектері құрастырылады. Жауапты әрі күрделі қызметте 5 маман жүр. Барлығы қалалық жұмыспен қамту орталығынан келген. Оларды мәскеулік мамандар оқытады. Тамыз аяқталғанша отандық үлгідегі цифрлық құрылғының 200 данасын әзірлеу жоспарланған. Науқасты сол жердегі дәрігер қабылдап, есту қабілетін тексереді. Мүгедектігі бар адамдарға медаппаратты мемлекеттік квота арқылы алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Айна Тұмышева, инвестициялық жобаның қазақстандағы үйлестірушісі:
- Дүниежүзінде 12 зауыт бар екен. Оның үшеуі Ресейде. Біздің Қазақстанда бұл алғашқысы болып тіркеліп жатыр. Инвестициялық келісімшарт бойынша 5 жылға қол қойылды. Сол уақыт ішінде ол құрылғыларды кіргізеді өз тарапынан. Жарық, вентиляцияланған мекеме керек болды. «AMANAT» партиясының қолдауымен осындай ғимаратқа ие болып жатырмыз.