Отандық өнімдер Қытайдағы көрмеде таныстырды

Қазақстандық тауар өндірушілер өз өнімдерін Қытайдағы көрмеде таныстырды.

Халықаралық іс-шара Үрімші қаласында өтіп жатыр. Үш күнге созылатын көрмеге біздің елден 40 тауар өндіруші қатысады. Ұлттық павильон стендінде макарон және май өнімдері, тәттілер, сондай ақ ұлттық ерешелігімізді айшықтайтын тоқыма және зергерлік бұйымдар қойылған. Көрменің ашылу салтанатында  Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сөз сөйледі. Ол  қазақстандық өнімдерге Қытай нарығының қызығушылығы жоғары екенін атап өтіп, қос тарап сауда саласындағы  байланыстың  одан әрі нығаюына мүдделі екенін жеткізді. Осы Қытаймен арадағы алыс-беріс былтыр рекордтық көрсеткішке жетіп, 24,1 млрд долларды құрады. Ендігі меже оны 40 млрд долларға жеткізу.