Кентаудағы трансформатор зауыты шетелге 400-ден астам өнім түрін шығарады
Кентау трансформатор зауыты халықаралық нарықта сұранысқа ие 400-ден астам өнім түрін шығарады.
Біраз жылдық тарихы бар өндіріс орнында жергілікті мамандар жұмыс істейді.
Кәсіпорынның басқарма басшысы Бауыржан Құдайбергенов осында 25 жылдан бері осында тапжылмай еңбек етеді. Алғашында дәнекерлеуші болып бастап, кәсіпорынның басшысы қызметіне дейін көтерілген. Белсенді кәсіпкер, білікті басшы қазіргі нарық жағдайында өндірісті жүргізудің сырымен білісті.
Бауыржан Худайбергеновтің әрбір күні зауытты аралап, жұмыс барысын қадағалаумен басталады. Білікті басшы жұмысты ширату үшін жастарды үнемі ынталандырып отыратынын айтады. Тәжірибе жинау үшін басқа мемлекеттерге оқуға да жіберіп отырады. Себебі өзі осында талай жыл еңбек еткен. Өмірлік тәжірбие жинап, шыңдалған.
Бауыржан Құдайбергенов, зауыт басшысы:
- Зауытта 5 өндірістік цех, оның ішінде 32 участок бар. 400-ден астам өнім түрлерін шығарамыз. Дайын өнімді біз 40%-н экспортқа, 60%-ы Қазақстанның ішінде. Өткен жылы, биыл да 9 елге шығардық.
Зауыт маманды сырттан алмайды. Өздері дайындайды. Кәсіпорында мамандарды оқытатын колледж бар. Онда жылына 200-ден аса бала білім алады. Басқарма басшысының айтуынша, ең үздіктері осында қалып, жұмыс істейді. Соның бірі Жасұлан Беласар.
Жасұлан Беласар, дәнекерлеуші:
- Біздің жинап жатқанымыз ОСТП трансформатор. ОСТП-ны бір-біріне айқастырып, дәл диагональн шығарып жинаймыз. Пластинасын осылай қолмен жинап, мынадай штирмен түзулеп, ұқыптап шығарамыз. Бірінші участтіктен шығып дәнекерлеуге барады. Одан кейін пеште тұратын уақыты бар. Одан әрі құрастыруға жіберіледі. Багке салып, сайын құйып, жинайды.
Зауытта трансформаторға қажетті қосалқы бөлшектерді өндіретін, құрастырып, жинайтын және шағын трансформатордан бастап, үлкен поданцияларға дейін шығаратын 5 үлкен цех бар . Қазір мұндағы барлық цех ең заманауи автоматтандырылған жаңа технологиямен жабдықталған.
Жандос Жұмабек, тілші:
- Зауытта екі робот бар. Бірі жапондық, ол дәнекерлеумен айналысады. Екіншісі трансформатордың магниттік өрісін кесіп, жинайтын мына шведцариялық робот. Бұл бір өзі төрт адамның жұмысын атқарады. Құны 1,5 млн евро тұрады.
Кәсіпкердің айтуынша, бір трансформатор жасау үшін мыңнан аса деталь қажет. Кәсіпорында қолданылатын материалдың дені шикізат күйінде шетелден алынып, осында қайта өңдеуден өтеді.. Кәсіпкер болашақта жаңа цехтарды іске қосып, ғылымды қажет ететін өндірісті кеңейтуді көздеп отыр.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш