Астық жинау жалғасып жатыр

Қазақстанда жаппай егін жинау науқаны жүріп жатыр.

Еліміздің диқандары 3 млн гектар астықты немесе жоспарланған өнімнің 17 процентін жинады.

Ауылшаруашылығы министрілігінің мәліметінше күзгі науқанға арналған 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 132,5 мың тоннасы жеткізілді.

Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 140 млрд теңге бөлді.

Сондай-ақ, 1,6 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша өнімдері жиналып, 30,9 мың тонна майлы дақыл бастырылды.